Жаңалықтар

Досманбетова Зейнегүл Рамазанқызы

(27.03.1947-16.10.2021жж.)

 

Сыр бойының білім саласы орны толмас ауыр қазаға ұшырады.

Аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, филология ғылымдары бойынша философия докторы (PhD), Ресей жаратылыстану Академиясының профессоры,  Қызылорда Болашақ университетінің құрылтайшысы Досманбетова Зейнегүл Рамазанқызы 74 жасында дүниеден озды. Бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, өзіндік мектеп қалыптастырған Зейнегүл Рамазанқызының білім саласына қосқан үлесі ерекше.

Зейнегүл Рамазанқызы Досманбетова 1947 жылы 27 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келеді. Әкесі Рамазан өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарының бірі еді. Осындай отбасында алаңсыз өскен Зейнегүл Рамазанқызы 1954-1964 жылдар аралығында қаладағы №8 мектепте білім алады. 1966 жылы мектепті ойдағыдай бітіріп, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1972 жылы ойдағыдай тәмамдайды.

Еңбек жолын 1969 жылы Қармақшы ауданындағы №105 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған Зейнегүл Рамазанқызы директордың тәрбие, оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде болып, білім саласында жемісті еңбек атқарды.

Өмір алға жалғасуы керек. Зейнегүл Рамазанқызы Сыр бойының құрметті азаматы Бақберген Сәрсенұлымен тұрмыс құрып, ғылым, білім, руханият жолында бірге қанат сермейді. 4 ұл өсірді. Кез келген салада өзінің жаны сүйген іспен айналысу үшін өмірлік серігінің қолдау, ықыласының орны бөлек қой. Бұл тұрғыдағы жарасымды түсіністіктің орнағандығы олардың ұлт руханияты, білімі мен мәдениетін өркендетуге қосқан үлесінен танылғандай.

2003 жылдан бүгінгі күнге дейін Болашақ университетінің Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстары орталығының директоры қызметін абыроймен атқарып, облыстың білікті мамандарын даярлауға өлшеусіз үлес қосты.

2005 жылы университет Қазақстан-Швейцария бизнес клубының алтын медалімен марапатталып, Женева қаласында өткен VΙ Халықаралық форумға қатысты. Ғаламдық сапаға ұсыну бағдарламасының алтын сертификатымен  марапатталып, Парижде өткен ΙΙΙ Халықаралық Сапа ассамблеясына қатысуға жолдама алды.

Қош, білім саласының жүгін қайыспай көтерген аруанасы, ұшан-теңіз рухани қазына тиеген алып кемесі! Соңыңызға қалдырған өзіңіз көрсеткен ізгі жолды жалғастыратын ұрпағыңыз барда есіміңіз ұмытылмақ емес!

Болашақ университеті ұжымы Зейнегүл Рамазанқызының дүниеден өтуіне байланысты отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Өткен жексенбі күні Қызылорда қаласында облыстық татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен және өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазан ұлттық жартылай марафоны 2021» өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен қала күніне орайластырылған бұл жарыс Қызылордада алғаш рет өткізіліп отыр.

Жаппай жүгіруге қатысушылардың жасы -7 жастағы оқушылардан бастап 60+ санатындағы қарттарға дейін қамтылды. Ерлер арасындағы ең үлкен қатысушы – 85 жастағы ата, ал әйелдер арасындағы ең үлкен қатысушы – 83 жастағы әже болды.

Бұл жарысқа «Болашақ» университетінің жоғары колледж оқытушылары Асылбек Шайхысламұлы мен Ермұхаммед Сражов өз студенттерін қатыстырып, нәтижесінде ФИС-20/2 оқу тобының білім алушысы Жұбанов Нұраян жүлделі 3 орын иегері атанды.

Барлық жарысқа қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады, және ол қылмыстық әрекеттердің өте жылдам дамитын түріне жатқызылады және ол есірткі мен қару сатуға қарағанда әлеуметтік бақылауды айналып өтетін қылмыс болып табылады. Адамды саудаға салу есірткі мен қару сату қылмыс түрінен кейін әкелетін пайдасы бойынша үшінші кезектегі қылмыс екенін атап кеткен жөн. 

Адам саудасына алдау, күш салу, қауіп-қатер төнгізу, сондай-ақ адам бостандығын шектеу немесе адам осалдығын қанау арқылы адамды сатып алу, сату немесе қанау кіреді. Бұл Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанды қоса алғанда, барлық елдерді қамтитын дүниежүзілік мәселе. 

Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, құрбаны болмау үшін «Адам саудасына жол жоқ» тақырыбында бірегей тәрбие сағаты «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің барлық оқу топтарында өтілді.

   

                                             

«Болашақ» университеті жоғары колледжінің оқытушысы Кеншімбаева Лаура  6 қазан күні қоғамда маңызы жоғары мәселелерге айналған ғаламтор- қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет білім мен қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектескенімен, оның адам ағзасына зияны және ғаламторға деген тәуелділіктің қазіргі ғаламдық мәселеге айналуы және жұқпалы індетпен қатар күнділікті тіршілігімізге енген қашықтан оқыту жүйесіне жедел және жаппай көшу, қала мен ауылда тұрудың артықшылықтары мен кемшіліктері  секілді екі жақты пікірлердің қалыптасуына байланысты студенттер арасында  колледжішілік пікірсайыс  ұйымдастырды. 

Пікірсайыстың мақсаты: ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы білімдерін кеңейту; қашықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып,  білімдерін арттыруда өз мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану; ауыл мен қалада тұрудың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін  түсіну, дұрыс көзқарас қалыптастыру

Пікірсайыс тақырыптары:

1.Ғаламтордың пайдасы мен зияны

  1. Онлайн және офлайн оқудың тиімді және тиімсіз жақтары
  2. Ауыл мен қала өмірі

Сайысқа әділ бағасын берген әділқазылар:

  1. Кеншімбаева Лаура
  2. Темірбай Әсем

Сайыс алаңында «Жас Отан», «Болашақ белсенділері», «Жас қыран», «Жалын» атты 4 топ  өз өнерлерін ортаға салды. Сайыстың талаптарына сәйкес, алдымен «Жас Отан» тобы мен  «Болашақ белсенділері» тобы «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында сөз жарыстырса, келесі «Жас қыран» тобы мен  «Жалын» тобы «Ауыл мен қала өмірі» тақырыбында сөз жарыстырды. Берілген 2 тақырып бойынша пікірлерін дәл, анық жеткізіп, алға суырылып шыққан сайыскер топтар «Жас қыран» тобы мен «Жас Отан» тобы «Онлайн және офлайн оқудың тиімді және тиімсіз жақтары» тақырыбында сөз жарыстырды. Нәтижесінде, «Жас қыран» тобының мүшелері —  Бақыш Нұртілеу, Серікова Салтанат, Ералина Аружан мен «Жас Отан» тобының мүшелері — Сейтмағамбетова Анель, Батылқызы Аида, Қойшыбай Айнұр   өз пікірлерін еркін әрі ашық жеткізіп,  ойларын толық дәлелдей алуда тең дәрежеде өнер көрсетті. Қатысушы топтар  арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. 

Ұлағатты ұстаздар күні қарсаңында «Болашақ» университеті жоғары колледжінің «Қызмет көрсету, құқықтану және өнер мамандықтарының пәндері» ЦК арнайы пән оқытушысы Календарова Күнсұлу Алтынбекқызының бастамасымен колледж оқытушыларына, қызметкерлеріне, жұмысшыларына сән сағаттары ұйымдастырылды. Мақсат- ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлау, әлемнің әр ұстазбен әдемі екенін паш ету, білім алушылардың ұстазға деген құрметін арттыру.

Оқытушылар мен студенттердің назарына!
 
Қызылорда «Болашақ» университеті «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимовтың 2020 жылы шыққан «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚОҒАМДЫҚ САНА МЕН ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» атты оқулықта ретроспективтік, салыстырмалы, жүйелік, құрылымдық-қызметтік, тарихи-философиялық, институционалды секілді т.б. зерттеу әдістері қолданылған. Оқытушыларға, магистранттарға және студенттерге оқу барысында көп сұранысқа ие көмекші оқу құралын ұсынамыз!
Бүгін экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Досманбетов 76 жасқа толды. Мемлекет қайраткерінің мерейлі жасына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметі жеткізілді. Сонымен бірге облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хаты ұсынылды. Ерекше құрметті облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов табыстап, профессорды мерейлі жасымен құттықтап, арнайы лебізін жеткізді.                                                                                Бақберген Сәрсенұлы 1945 жылы 21 қыркүйекте Қармақшы ауданы, Диірментөбе стансасында дүниеге келген. 1971 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Макроэкономика, аймақтық экономика, статистика, демография салаларының маманы.Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының, Халықаралық жоғары мектеп Академиясының, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар Академиясының, Қазақстан инженерлер академиясының Академигі, Сеул Ұлттық университетінің құрметті профессоры.
1991-96 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының, Гуманитарлық Университетінің ректоры. 1996-1999 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, арнайы экономикалық аймақ Әкімшілік кеңесінің төрағасы. 1994-1996 жылдары Облыстық мәслихаттың екі мәрте депутаты.
1999-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, экономика, бюджет және қаржы комитетінің хатшысы.
Бірнеше монографиялар мен ғылыми еңбектердің авторы. «Население Казахстана», «Сүйем сені Сыр елі», «Ұстаным», «Демографическое развитие Казахстана», «Түркі халықтары» атты монографиялары жарыққа шыққан.
2 ғылым докторы және 10-ға жуық ғылым кандидаттарын тәрбиелеп шығарған ұстаз-ғалым. 2005 жылы «Құрмет», 2010 жылы «Парасат» орденімен, 4 медальмен марапатталған.
2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Президентінің кеңесшісі. 1995 жылдан бастап «Болашақ» университетінің ғылыми жетекші
Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Досманбетов Бақберген Сәрсенұлының туған күні!
Сіздің жауапкершілік жүгін арқалап, кез келген қызметте қоғамымыздың саяси, әлеуметтік, экономикалық, тыныс-тіршілігін таразылай білетін, зор ұйымдастырушылық қасиетіңіздің, кәсіби іскерлігіңіз бен парасаттылығыңыздың, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жүргізіп отырған дәйекті де үйлесімді саясатыңыздың арқасында алға жылжуға қол жеткізіп келеміз.
Сыр өңірінің білім саласын дамытудағы еңбегіңіз ұшан теңіз! Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі елеулі жұмыстарыңыз бен мемлекеттің гүлденуіне қосқан еңбегіңізді ешкім де жоққа шығара алмасы анық.
Құрметті Бақберген Сәрсенұлы!
Аға буын университеттің артынан еріп келе жатқан «Болашақ» университеті жоғары колледжінің ұжымы өзіңізді іскер басшы, шебер ұйымдастырушы және ұлтжанды азамат ретінде танып, құрметтей отырып, Сізге тек мықты денсаулық, еңбегіңізге толағай табыстар тілейді. Әрқашан үкілеген үміттеріңіз жүзеге асып, армандарыңыз орындалып, биік мақсаттарыңызға қол жеткізуіңізге тілектеспіз! Отбасыңыз аман, жан-жағыңыз түгел, бейбіт заман болсын!
 
         Возможно, это изображение (1 человек, трава, дерево и парк)
«Болашақ» университеті жоғары колледжінің ұжымы болып Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының қазіргі кездің өзекті тақырыбын қозғайтын «Заман-ай» қойылымына бардық.                                                                                         Діни жат ағымның шырмауына байланған Жандостың тағдыры өрбитін спектакль әр адамға ой салары сөзсіз. Бір күлдіріп, бір жылатқан қойылымның түсінген жанға айтары көп…                               15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді оқытумен, тәрбиелеумен айналысатын колледж ұжымы Аллаға деген махаббаттың киген киіммен, қойған сақалмен емес, жүректегі иманмен, үлкенге құрмет, кішіге ізетпен өлшенетінін тағы түйсініп, ойға түйіп, керемет әсер алып қайтты деп ойлаймын.
                                       
                                    
                                             Рухани серпілістен соң, жаңа аптада жаңа күшпен жұмысқа кірісеміз!

 Бір отбасынан екі немесе одан көп бала оқитын жағдайда өткізілетін құжаттар тізімі:
1. Өтініш;
2. Екі білім алушының жеке бас куәлігі немесе туу туралы куәлігі;
3. Екі білім алушының оқу орнынан анықтама;

 

 

Мүгедек білім алушының өткізетін құжаттар тізімі:
1. Өтініш
2. Білім алушының жеке бас куәлігі немесе туу туралы куәлігі
3. Мүгедектік жөнінде анықтама (ВТЭК)
4. Оқу орнынан анықтама

 

 

Ата-анасынан айырылған білім алушының өткізетін құжаттары:
1. Өтініш
2. Білім алушының жеке бас куәлігі немесе туу туралы куәлігі
3. Ата-аналарының қайтыс болғандығы жөнінде анықтама
4. Оқу орнынан анықтама
5. Патронат құжаттары

                                                                                                                           

5 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халқының тілдері мерекесі күніне орай  колледжімізде 1-3 курс студенттері арасында «Тіл – Мәңгілік елдің рухани қазынасы» атты эсселер байқауы өтті. Байқаудың  мақсаты —  тіл- ұлттың мақтанышы және  тірегі екендігіне кең түсінік бере отырып, студенттерді елжандылыққа,  тілді  құрметтеуге, ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету болатын.

Байқауға  колледждің барлық  мамандықтарынан студенттер қатысып, жеңімпаз студенттер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 0105000 — «Бастауыш білім беру» , 0101000- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0103000-  «Дене тәрбиесі және спорт», 0111000 – «Негізгі орта білім беру» (шетел тілі мұғалімі), 0201000 —  Құқықтану, 0105000- Әлеуметтік жұмыс т.б мамандықтарынан студенттер қатысты.

Эсседе көптеген көркемдегіш  құралдарды (метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар)  пайдалануына және қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы, қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбауына  аса мән берілді. Сонымен қатар, тақырыптардың толық ашылуы,  эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалануы ескерілді және  250-300 сөз аралығын қамтыды.

Аталған  мамандықтардан  40  студент қатысып, оның   1401000 – «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»  мамандығынан  І орынға ие болған СТ-20/9  оқу тобының студенті Нұрадинова Аружан  өз шығармасын  эссе талаптарына сай,  ойын терең әрі нақты  жеткізіп, сауаттылық жағынан ерекше көзге түсті.  1305000 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқитын  Тұрақбай Нұркен   ІІ  орынға ие болды.           0111000 –«Негізгі орта білім беру» (Шетел тілі мұғалімі)  мамандығының АЯ -21/9 оқу тобында оқитын  Кахарща Гүлсезім ІІІ орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды және ФИС -20/9-3г тобының студенті Марат Әсел, ФИС -21/9-3 тобының студенті Сейтмағамбетова Анель, П-21-9 тобының студенті Қожаназар Аяулым  сайысқа белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хаттар табысталды. 

2021-2022 жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

Білікті де білімді маман дайындау жолындағы төккен терлеріңіз бен еткен еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрінсін!

Ұстаз үшін табысты, шәкірт үшін шабытты, ата-ана үшін сабырлы оқу жылы болсын!

Конституция – біздің Ата заңымыз, мемлекетіміздің негізгі заңы. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған бұл күн- ұлы мереке!
Конституция – маңызды және қоғам үшін құнды құжат, мемлекет іргетасының негізі. Ол қоғамдық қызметтің барлық салаларына әсер етеді. Мемлекеттік билікті және оның қызметін заңдастырады, ол даму тұрақтылығын, бейбітшілік пен келісімді сақтауды қамтамасыз етеді.
«Болашақ» университетінің жоғары колледжі ұжымы бүкіл отандастарымызды осы мерейлі мерекемен құттықтайды. Қазақ елінің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде, сапалы білім беруде еңселі еңбек етіп, ел үмітін ақтау үшін ұжым алдағы уақытта да аянбай тер төгеді.

Конституция күні құтты болсын!

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, туымыз көкке желбірей берсін! 

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Алаш арыстары мәңгілік есімізде!

«Болашақ» университетінің жоғары колледжі Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс кестесіне сәйкес оқу топтарында Google meet қосымшасы арқылы онлайн топ сағатын өтті. Аталмыш топ сағатында басым бағыт жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға негізделді.

 

Білім алушыларға нашақорлықтың алдын алу және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау бағытында да ақпараттар берілді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі 2021 жылғы 26 мамырда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдерін, студенттерін, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі бейбітшілік: экономикадағы, құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялардың басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Болашақ университеті» жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Сарбалаева Айгүл Шакиқызының жетекшілігімен СТ -20/9 оқу тобының І курс білім алушысы Нұрадинова Аружан Нұрадинқызы белсене қатысып, ІІ дәрежелі диплом және сертификаттармен марапатталды.

                                                 

Нұр-Сұлтан қаласында on-line режимде, ZOOM платформасында өткізілген конферененцияда шет мемлекеттер мен республика оқу орындарынан білім алушылар қатысып, бяндамалар жасалды. Нұрадинова Аружан «Қызмет көрсету саласындағы цифрлық өнердің қазіргі даму тенденциялары» бағытында «Құқық қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте цифрлық технологиялардың маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасап, шығармашылық ізденісін көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Шәкірт: УА-19\9г оқу тобының білім алушысы Бекмұратова Жаннурайым

Жетекшісі: «Болашақ» университеті жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Тажикова Жанат Жумановна

Жетістік: Сертификат

Конференция: ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаhандану дәуіріндегі бейбітшілік:экономикадағы,құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялық басым бағыттары» онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ұйымдастырушы: «Білім беруді жаңғырту» орталығы. Нұр-Сұлтан қаласы.

Шәкірт: ПД-19\9-2г оқу тобының білім алушысы Төлеп Алма Ерболқызы

 

 

 

 

Жетекшісі: «Болашақ» университеті жоғары колледжінің Шаштараз арнайы пән оқытушысы,экономика ғылымдарының магистрі Календарова Кунсулу Алтынбековна

Жетістік: Сертификат

Конференция: ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаhандану дәуіріндегі бейбітшілік: экономикадағы, құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялық басым бағыттары» онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ұйымдастырушы: «Білім беруді жаңғырту» орталығы. Нұр-Сұлтан қаласы.

21.05. 2021 жылы «Bilim foundation» қоғамдық қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық өкілеттілігінде ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының өкілі Анош Бабадиянянмен Қызылорда облысының педагог – психологтары арасында тәжірибе алмасу алаңында кездесу болып өтті.

Өмірдің қиын жағдайында қалған жасөспірім ұлтқа, дінге, орналасу аймағына немесе басқалай факторларға орай бөлінбейді. Себебі, бала әрқашанда тек бала болып қалады.         Сондықтан балада кездескен мәселелер, оны шешу жолдарын табу ортақ тақырып, демек, бірлесіп атқарылатын жұмыстар.

Бала — біздің болашағымыз, келешегіміз. Балада туындаған мәселелерді дер уақытында тани біліп, оған көмек қолын созу, тығырықтан шығуына жол көрсетіп, қолдау білдіру, шешілмейтін түйін жоқ екендігіне, түн артынан Күн барына көзін жеткізу, баланың отбасына, қоғамға, ұлтқа, мемлекетке қажет екендігін ұғындыру және осы жолда бірлесе, тынбай еңбек ету бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырғандықтан кездесу алаңына жиналған мамандар аталған тақырыпта ашық пікір алысты.

Тәжірибе алаңына «Болашақ» университетінің педагог – психологы Прмантаева Гүлназ Өмірсерікқызы қатысып, өзінің іс – тәжірибесімен бөлісті.

Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «WordSkills Kyzylorda-2021» VII аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының «Шаштараз өнері» құзіреттілігі бойынша қатысушыларды іріктеу кезеңі өткізілді.

Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрікті анықтайтын бұл сайыстың мақсаты:

— Білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарын бітірген түлектер арасында ерекше дарынды және интеллектуальды қабілетті жоғары білім алушыларды және өз ісінің шеберлерін анықтау;

— Оқыту мен қатар кәсіби шеберлігі бағытында практикалық жұмыстарының жүргізілуін жетілдіру;

— Білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, практикалық жұмыстарды жинақтау, іріктеу, қорытып және өз ісінің шеберін байқаудың республикалық кезеңге жіберуі.

— Заманауи технологиялық жабдықтарды игерудегі инновациялық қадамдарды қарастыру;

— Білім алушының бойында кәсіби шеберлікті шыңдау шаштараз мамандығының заманауи технологияларын ендіру қажеттілігі негізінде базалық және кәсіптік құзыреттерінің қалыптасуына ықпал ету.

Осы мақсатта техникалық және кәсіптік оқу орындарының 18-22 жас аралығындағы білім алушылар мен оқу орнындағы 18-22 жас аралығындағы арнаулы пән оқытушылары немесе өндірістік оқыту шеберлерінің колледж базасын бітіріп кеткен түлектің қатысуға болатын мүмкіндіктері қарастырылған.

Абылайхан атындағы жоғары колледж базасында болып өткен

«WordSkills Kyzylorda-2021» VII аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатында Болашақ» Университеті жоғары колледжінің 3-курс студенті Сұлтанахмет Інжу жетекшісі «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының арнайы пән оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Календарова Кунсулу Алтынбековнаның жетекшілігімен белсене

қатысып, сарапшылардың сараптауы бойынша берілген І,ІІ,ІІІ-тур, А,В,С,Д,Е,F,G,H модульдері бойынша алған ұпайы 100 баллды құрап, өзінің кәсіби шеберлік дағдыларын толық меңгеріп,жоғары жетістік көрсеткені үшін І-орынмен марапатталды.Нәтижесінде Республикалық «Word Skills Kazakhstan -2021» ұлттық чемпионатына қатысуға жолдама алды.

«Желілік және жүйелік әкімшілік» құзіреті бойынша «WorldSkills-2021» ұлттық чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі өтті.

WorkdSkills — бұл коммерциялық емес халықаралық ассоциация, мақсаты- әр мемлекетте және жалпы барлық дүниежүзі мемлекеттері арасында кәсіптік шеберлерін ұйымдастыру және әлемнің үздік тәжірибесі мен кәсіптік стандарттарын үйлестіру бағытында кәсіптік білімді дамыту және жұмысшы мамандардың дәрежесін арттыру.

Чемпионат ережесі бойынша сайыс барысында қатысушыларға үш модульден тұратын тапсырма берілді. Ал барлық тапсырмалар халықаралық «WorldSkills» ассоциациясынан арнайы алынған. Чемпионаттың бағалау критерийлерін осы құзіреттілік бойынша сарапшы-эесперттер анықтайды. Модуль тапсырмалары бойынша 100 ұпайды құрады.

Облыстық оқу орталығының кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі Дүрманов Бағдаулет Дербісәліұлы және «Orda» жоғары колледжінің директордың оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының магистрі, облыстық және Республикалық деңгейдегі бас сарапшы Тажикова Гульшара Дуйсенбаевна қатысушылардың жұмысын қадағалап, дәрежелерін бағалады. «Болашақ» университеті жоғары колледжінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының ИС-18/9г оқу тобының студенті Қайқыбеков Нұрмұхамед Нұрлыбекұлы 2- дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық және техникалық» бөлімінің «ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ» АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ» апталығы аясында ұйымдастырылған

«ШАШТАРАЗ-ВИЗАЖИСТ КӘСІБІНІҢ ҮЗДІГІ» атты облыстық кәсіби шеберлік конкурсына «Ерлерге арналған шаш қию, шаш көтеру (укладка)» бағыты бойынша «Болашақ» университеті жоғары колледжінің 2-курс студенті Бижігітқызы Салтанат ІІ жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі- «Шаштараз» мамандығының арнайы пән оқытушысы Календарова Күнсұлу Алтынбековна.

«Шығармашылық макияж (кейіпкерлер макияжы)» бағыты бойынша «Болашақ» университеті жоғары колледжінің 2-курс студенті Мажитова Мадина ІІ жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі- шаштараз шебері Нуржанова Жулдыз Избасаровна.

«Қалыңдыққа арналған макияж» бағыты бойынша «Болашақ» университеті жоғары колледжінің 2-курс студенті Төлеп Алма алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі- «Шаштараз» мамандығының арнайы пән оқытушысы Календарова Күнсұлу Алтынбековна.

                                   

Кипшакбаев Канат Зейнуллаевич- «Болашақ» университеті жоғары колледжінің тарих пәнінің жоғары санатты оқытушысы. Ұстаз жетістігі- ұшан-теңіз. Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның этногенезі, қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру жолында ұстаз еңбегі өз жемісін беруде.

Шәкірттерді өз Отанының, дүние жүзінің тарихына терең бойлап, ұғынып, сүюіне жол тапқан Қанат ағай И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі базасында ұйымдастырылып жатқан қоғамдық пәндер пәндік әдістемелік комиссиясының «Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты апталығы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуда.

 

 

Айталық, ZOOM бағдарламасы бойынша өткен «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында қалалық тарихи- танымдық интеллектуалды сайысқа «Болашақ» университетінің жоғары колледжі ИС-20/9г тобының білім алушылары Қашқынбеков Ерман мен Маратбек Асхаттан құралған «Батыр» тобы қатысып, 3 кезеңнен тұратын сайыста топ жарып, жүлделі Іорын иеленді.

Сондай-ақ, «Тарихи тұлғалар тағылымы: мемлекеттің қуаты халқында» тақырыбындағы студенттер арасында қалалық ғылыми-танымдық онлайн конференцияда шәкірті Берикова Жанель ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Білім алушыларды баулып қана қоймай, өз пәніне деген сүйіспеншілігін әр түрлі ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік іс-шараларға жанын салып қатысатын Канат Зейнуллаевич аталмыш апталық аясында «Тарих пәні бойынша нәтижеге бағдарланған білім беру: үлгілік бағдарлама мазмұны» тақырыбында облыстық ТжКББ оқу орындары қатысуымен өткен дөңгелек үстелге белсенді қатысқаны үшін алғыс хат иеленді.

Канат Зейнуллаевичті және шәкірттерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жетістік тұғыры әрдайым биік болсын!

 

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық жағдайы қоғамның ерекше назарында. 2021 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айларында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны едәуір төмендегенімен , кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар- 5,9 %-ға өссе, оның ішінде зорлық- зомбылық сипаттағы 14,3%-ға өскен.

Осыған орай, кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасау, ата-ананың қарауынсыз бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау үшін 2021 жылдың 19-25 сәуір аралығында облыс көлемінде Дп Кызылорда Қызылорда облысы полиция департаменті бастамасымен, Қызылорда Облысының Білім Басқармасының қолдауымен «Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы жүзеге асырылуда.

Іс-шараның негізгі мақсаты- кәмелетке толмағандармен және  оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау, өзімен бірге суық қару алып жүретін студенттер мен оқушыларды,  кәмелетке толмағандарға теріс тәрбие беретін ата-аналар мен ересектерді анықтау, сонымен қатар қолайсыз отбасыларды анықтап, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қою, кәмелетке толмаған балаларына қатыгездік көрсететін олардың тәрбиесімен айналыспайтын отбасыларды анықтау.

Аталмыш шараға «Болашақ» университетінің жоғары колледжі де атсалысуда. Түнгі 22.00- 00.30 аралығында колледж қызметкерлері мен оқытушылары колледж директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары А.Е. Смаилова мен колледж инспекторы С.С. Алдоңғаров бастамасымен қаламыздағы көңіл көтеру орындары мен темір жол, автовокзалдары, компьтерлік клубтар, автожуу салондары,  мөлтекаудандар мен көп қабатты үйлердің подвалдарын шолып, көшеде мезгілсіз жүрген жасөспірімдерді анықтап, ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізуде.

Сондай-ақ, колледждің ішкі есебінде тұрған қиын білім алушыларды басты назарға алып, кешкілік ата-аналарымен сұхбаттасып, отбасындағы климатты қадағалауда.

                                                                                                             

Шәкірт: УА-19\9г оқу тобының білім алушысы Аманжолова Аягөз

Жетекшісі: «Болашақ» университетіжоғары колледжінің  арнайы пән оқытушысы  Тажикова Жанат Жумановна

 Жетістік: Сертификат

Олимпиада: Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім алушылары арасындағы өткізілген Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, «Экономика негіздері» пәнінен облыстық олимпиада

 Ұйымдастырушы: Қызылорда облыстық  оқу орталығы (Әдістемелік кабинет), Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі

                                      

2021 жылдың 2 сәуір күні қазақ күресінен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің ұйымдастыруымен «Қажымұхан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына» арналған студенттер арасында өткізілген ашық біріншілігінде «Болашақ» университеті жоғары колледжінен студенттер қатысты.

Жарыс нәтижесінде:

1-орын 60кг ФИС-20/9 оқу тобы Жұмағалиұлы Нұраян

2-орын 74 кг ФИС-20/9 оқу тобы Әділжанов Ардақ

3 орын 60кг ЧС-20/9 оқу тобы Асхатов Елдос, ФИС-17/9 оқу тобынан 82кг, Сәрсенбай Сырым, 66 кг Сәбитбек Өмірбек жүлделі орындармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

                                                                                                                                                            

«Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Пандемия жағдайындағы ғылыми ізденістер:мәселелер және перспективалар» атты ғылыми-практикалық конференцияға «Болашақ» университетінің жоғары колледжі «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары» бірлестігінің арнайы пән оқытушыларының жетекшілігімен атап айтсақ, Тажикова Жанат Жұманқызы  УА-19\9г тобының студенті Утебаева Акманат «Жасыл экономика бұл экономикалық теориядағы жаңа бағыттардың бірі» атты баяндамасымен, Сарбалаева Айгүл Шакиқызы СТ-20\9 оқу тобының студенті Нурадинова Аружан «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу аспектілері» атты баяндамасымен, Календарова Кунсулу Алтынбекқызы ПД-19\9г оқу тобының студенті Беркінбай Аружан Ерболқызы «Әр түрлі бағыттағы,оның ішінде қиялдық шаш сәнінің қию үлгілері» атты баяндамасымен  қатысып, Алғыс хатқа ие болды.

Қатысқан білім алушылар мен оқытушылар өз ойларын ортаға салып, ғылыми-зерттеу  өрісінің кеңейіп, алдағы уақытта тың жаңалықтарын ашып,зерттеулер жүргізуге ат салысатынын таныта білді.

                                                               

Оқушы: ПМНО-20\9 оқу тобының білім алушысы Бақтыбаева Аида

Жетекшісі: «Болашақ» университетіжоғары колледжінің  арнайы пән оқытушысы  Тажикова Жанат Жумановна

Жетістік:  І дәрежелі диплом

Сайыс: Қызылорда обысы «Бизнес  стартап-3» Кәсіпкерлікке даңғыл жол атты  облыстық сайыс

Ұйымдастырушы: «ОRDA»жоғары колледжі

                                                                                    

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтын да бағзыз амандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүлгардон”,  “бәйшешек”,  “гүлнаурыз”,  хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаансара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”,  чуваштар  “норисояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. 

Қазақ халқы, басқа да түркі халықтары секілді, Наурызды өзгерістер өзегі деп түсінген. Мейрамның қамын қамдау бірнеше апта бұрын қолға алынатын: барлығы ең өңді киім-кешегін дайындап, үй-жайын жақсартып, аула-қорасын реттеген. Әз Наурыз келген күннен қалың бұқара жиналып, ән шырқап, би билеп, мол дастархан жайылып, шат-шадыман той тойланған. Алғыр ақындардың айтысы, дала баласының күші мен айласы сарапқа салынған қазақша күрес алаңы, ақыл-сана сыналатын тоғыз құмалақ ойыны, тұлпарлардың бағы мен бабын бай қатар бәйге тойдың сәнін келтіріп, мәнін еселей түскен.

«Болашақ» университеті жоғары колледжінің «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары» бірлестігінің ұйымдастыруымен 22.02.2021-27.02.2021жж. аралығында «Инновация және цифрлық технологиялар – заман талабы» атты  апталық болып өтті. Апталықты бірлестік жетекшісі Тажикова Жанат Жұманқызы ашып, бірлестікке қарасты оқытушылар мен мамандықтарға тоқтала келе, апталық аясында өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары» пәндік циклдік комиссиясында  бүгінгі таңда 0402000-«Дизайн», 0518000–«Есеп және аудит», 0201000-«Құқықтану», 0516000-«Қаржы», 0506000-«Шаштараз өнері және сәндік косметика», 0409000-«Актерлік өнері», 0507000-«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» және 0515000-«Менеджмент» мамандықтары бойынша шәкірттер оқу мен тәрбие үдерісінде жан-жақты тәрбиеленуде. Осы аталған циклда 17 оқытушы өз қызметін атқаруда.

Апталық барысында төмендегідей іс-шаралар өткізілді: Рамазанова Гүлнар Тажикқызы «Қазақ халқының ұлттық қолөнері — материалдық құндылықтарымыз» атты ашық  тәрбие сағатын, бірлестік оқытушылары Тажикова Жанат Жұманқызы мен Серкебаев Дәурен Жұбайұлы «Әлемді жайлаған індет» тақырыбында медицина өкілдерімен кездесу өткізді.

«Сұлулық әлемді құтқарады» «Шаштараз ісі және сәндік косметика» мамандығының оқытушысы  Алимбетова Айман Бақназарқызының  ұйымдастыруымен мастер-класс, Календарова Күнсұлу Алтынбекқызы ІІ- ІV-курс білім алушылары арасында «WOLD SKILLS» ұлттық чемпионатына колледжішілік іріктеу сайысын өткізді.

«Тәуелсіз елдің тірегі, білімді ұрпақ — жүрегі» танымдық сайысты Сарбалаева Айгүл Шәкиқызы мен Серкебаев Дәурен Жұбайұлы өткізсе, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл,  атаулы-даталы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына және Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған қалалық мектепаралық олимпиаданы бірлестік оқытушысы Қыпшақбаев Қанат Зейнуллаұлы  ұйымдастырды.

Арнайы пән оқытушысы Жұмабекова Мира Жұмабекқызы «Мамандығым-мақтанышым» атты дөңгелек үстел, ал тарих пәнінің оқытушысы Колдабекова Ақмарал Сайлауқызы ПМНО-20 оқу тобымен «Көшпелі өркениет құндылықтары» атты ашық сабақ,  сондай-ақ УА-19/9г оқу тобына бірлестік оқытушысы Кушекова Мира Агисқызы «Мемлекеттік бюджет» атты сыныптан тыс  онлайн сабақ өтті.

Апталықтың жабылу салтанатында апта бойы қатысқан білім алушыларға марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, жырдан шашу шашылды.

«Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтар пәндері» циклдік комиссиясының   «Инновация және цифрлық технологиялар–заман талабы» атты апталығы аясында 26.02.2021 ж «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді жастар жүрегі» атты тарихи — танымдық сайысы (ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай) болып өтті. Сайысты ұйымдастырған «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтар пәндері» циклдік комиссиясының   Арнайы пән оқытушылары: Сарбалаева Айгүл Шакиқызы мен Серкебаев Даурен Жұбайұлы. Танымдық сайыстың мақсаты, оқушы жастарға  Қазақстан тарихы пәні және құқықтан түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту. Жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу, болашақ Қазақстанды өркендететін өздері екендігін сезіндіру. Сайыс барысында, 1 курс мамандықтары түгел қамтылып, студенттер «Заңгерлер», «Болашақ», «Парасат» топтарына бөлінді. Сайыс кезеңдерінде көрсетілген тапсырмалар бойынша, білім алушылар  өз білімдерін сынға салды.

  1. «Кім жылдам?» ( капитандар жарысы). (1 минут ішінде жауап беру керек)
  2. «Алтын қақпа» (Әр қақпаның астында тарихта елеулі ізі бар тұлғалар жасырылған, сол кемеңгерлерге сипаттама береді).
  3. «Тендер ойыны» (Әр топ 20 жылдан кейінгі Цифрлі Қазақстанды суретпен бейнелейді)
  4. Сыңарын тап. (Мақал-мәтелдердің жалғасын айтады).
  5. Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.
  6. «Ел тарихының білгірлері» (бұл кезеңде әр топқа тор ұяшықта көрсетілген жылдардағы маңызды оқиғаларды айтады:)
  7. «Терминдер сөйлейді» (Мемлекетке байланысты терминдер беріледі,сол терминдердің мағынасын ашады).

Сайысқа әділ қазылар бекітіліп, Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Смаилова Аида Есенгелдіқызы, Медицина колледжі Директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Олжас Ермұхамедұлы және Тарих пәнінің оқытушысы Қолдабекова Ақмарал Сайлауқызы сайысқа қатысушыларға өз бағасын беріп, әділдік танытты.

Танымдық сайыста оқушы жастар белсенділік танытып, өз деңгейінде тапсырмаларға жауап берді. Ел Тәуелсіздігінің тарихы туралы Видеоролик көрсетілді. Оқушылар тақырып аясында жыр шумақтарын арнады. 1 курс студенті Қалдыбай Ақбота би билеп, өз өнерін көрсетті. Сайыс қорытындысында, «Заңгерлер» тобы І орын, «Болашақ» тобы ІІ орын, «Парасат» тобы ІІІ орынмен марапатталды. Сайыс соңында Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен хор айтып, елжандылықпен ән шырқады.

 

25 ақпан күні Болашақ университетінің жоғары колледжі базасында Атриум залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл мерейтойы,атаулы даталар ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің-180, қазақ балуаны Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына «Қазақстан тарихы»пәні бойынша қалалық мектепаралық олимпиада өткізілді.Екі турдан тұратын олимпиадада әділ-қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып,I,II,III-дәрежелі Дипломдармен және «Үздік баяндамашы» номинациясымен марапатталды.

Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Болашақ» университетінің жоғары колледжінде «Word Skills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының облыстық кезеңіне қатысушыларды іріктеу мақсатында колледжішілік байқау өткізілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған жолдауында: «Жастардың сапалы кәсіптік білімінің әлемдік қауымдастықта, еліміздің экономикасын дамытудағы маңызды өлшемі болып табылатынын айтты». Кәсіптік техникалық білімнің бәсекеге лайықтап, ілгерілеп дамуы мемлекеттің және азаматтардың әлеуметтік жағдайларына орасан серпін беретіні сөзсіз.

 

Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрікті анықтайтын бұл сайыстың мақсаты:

  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
  • Білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарын бітірген түлектер арасында ерекше дарынды және интеллектуальды қабілетті жоғары білім алушыларды және өз ісінің шеберлерін анықтау;
  • Оқыту мен қатар кәсіби шеберлігі бағытында практикалық жұмыстарының жүргізілуін жетілдіру;
  • Білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, практикалық жұмыстарды жинақтау, іріктеу, қорытып және өз ісінің шеберін байқаудың республикалық кезеңге жіберуі.

Ал міндеттері:

  • Сынақтар арқылы білім алушының құзыреттілік деңгейін анықтау;
  • Заманауи технологиялық жабдықтарды игерудегі инновациялық қадамдарды қарастыру;
  • Білім алушының бойында кәсіби шеберлікті шыңдау шаштараз мамандығының заманауи технологияларын ендіру қажеттілігі негізінде базалық және кәсіптік құзыреттерінің қалыптасуына ықпал ету.

Осы мақсатта техникалық және кәсіптік оқу орындарының 18-22 жас аралығындағы білім алушылар мен оқу орнындағы 18-22 жас аралығындағы арнаулы пән оқытушылары немесе өндірістік оқыту шеберлерінің колледж базасын бітіріп кеткен түлектің қатысуға мүмкіндіктері болатын.

Сайысымызды колледж директоры Снасапова Гүлжан Жұмашқызы ашып берді. Қатысушылар алдын ала жеребе тастау арқылы өздерінің реттік номерлерін анықтаған болатын. Сайысқа колледждің шаштараз мамандығының 2 және 3 курс студенттері Аббаз Әмірхан Аббазұлы, Сұлтанахмет Інжу Алшынбекқызы, Бекзат Жайна Ғаниқызы және Тулеуова Шынар Жалғасбайқызы қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Байқау кезеңдері  ІІІ-тур арқылы анықталды.

Бұл кезеңдер келесі өлшемдермен бағаланады:

  • Тапсырманы орындау барысында жоғары кәсіби шеберлік көрсету;
  • Кәсіби дағдыны іс жүзінде жүзеге асыра білуі;
  • Жұмыстың барлық кезеңдерін қамти білуі;
  • Амалдарды орындаудың тәртібі;
  • Техникалық амалдарды орындауды жүзеге асыра білуі;
  • Жұмыстың орындалу уақыты;
  • Жұмыстың күрделілігі, эрудиция.
  • Әр кезең әр модуль 10 балдық жүйемен бағаланады.

Байқаудың сарапшылары «Шашатараз және сәндік косметика» мамандығының арнайы пән оқытушысы К.А.Календарова және көмекші сарапшылар «Лотос» Сән салонының директоры, бас шебер  Ш.С.Қуатбаева мен «Шэйхислам» сән салонының директоры, бас шебер А.Н.Ерманова.

Байқау тапсырмаларын толық орындап, шеберлігімен көзге түскен Сұлтанахмет Інжу Алшынбекқызы І-орынды, ІІ-орынды  Тулеуова Шынар Жалғасбайқызы, ІІІ- орынды Бекзат Жайна Ғаниқызы иеленді. Жүлдегерлерге  дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал, сайысқа белсене қатысқаны үшін Аббаз Әмірхан Аббазұлы Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

                                   

«Болашақ» университеті жоғары колледжінің «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген апталық  аясында 24.02.2021 ж күні  «Әлемді жайлаған індет» атты медицина маман иелерімен кездесу кеші  өтті.

УА-19\9г оқу тобымен бірлестік жетекшісі Тажикова Жанат Жұманқызы мен Серкебаев Дәуренбек Жұбайұлының басшылық жасаған бұл іс-шараға медицина мамандары қатысты. Атап айтсақ, «Alexey Sultan Akhmet» ЖШС, cалауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Косулганова Жансулу Тулегеновна, облыстық жастар денсаулығы орталығының бөлім меңгерушісі Алмурзаева Гулдана Айтмаганбетовна мен психолог Жұматай  Ұлжан Арысқызы, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың дәрігері Қыстаубаева Жанымкүл Қыстаубайқызы мен осы мекеменің психологы Смағұлова Нұргүл Бақытбекқызы қатысты.

Кеште оқушыларға медициналық сауаттылыққа бағыт-бағдар беріліп, аурудың алдын алу мүмкіндіктерін шешу жолдарын, адам өмірінде денсаулықтың алатын орны мен маңызы туралы айта келіп, өз бейнероликтері мен  слайдтарын көрсетіп, таратпа материалдарын ұсынды.

Қатысқан білім алушылар мен оқытушылар өз ойларын ортаға салып, облыстық жастар денсаулығы орталығының психологы Жұматай  Ұлжан Арысқызының психологиялық тренингіне қатысты. Кеш соңында әннен шашу шашылды.

                     

 «Болашақ» университеті жоғары колледжінің «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары» бірлестігінің ұйымдастыруымен 22.02.2021-27.02.2021жж. аралығында «Инновация және цифрлық технологиялар – заман талабы» атты  апталық болып өтті. Апталықты бірлестік жетекшісі Тажикова Жанат Жұманқызы ашып, бірлестікке қарасты оқытушылар мен мамандықтарға тоқтала келе, апталық аясында өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары» пәндік циклдік комиссиясында  бүгінгі таңда 0402000-«Дизайн», 0518000–«Есеп және аудит», 0201000-«Құқықтану», 0516000-«Қаржы», 0506000-«Шаштараз өнері және сәндік косметика», 0409000-«Актерлік өнері», 0507000-«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» және 0515000-«Менеджмент» мамандықтары бойынша шәкірттер оқу мен тәрбие үдерісінде жан-жақты тәрбиеленуде. Осы аталған циклда 17 оқытушы өз қызметін атқаруда.

Апталық барысында төмендегідей іс-шаралар өткізілді: Рамазанова Гүлнар Тажикқызы «Қазақ халқының ұлттық қолөнері — материалдық құндылықтарымыз» атты ашық  тәрбие сағатын, бірлестік оқытушылары Тажикова Жанат Жұманқызы мен Серкебаев Дәурен Жұбайұлы «Әлемді жайлаған індет» тақырыбында медицина өкілдерімен кездесу өткізді.

 «Сұлулық әлемді құтқарады» «Шаштараз ісі және сәндік косметика» мамандығының оқытушысы  Алимбетова Айман Бақназарқызының  ұйымдастыруымен мастер-класс, Календарова Күнсұлу Алтынбекқызы ІІ- ІV-курс білім алушылары арасында «WOLD SKILLS» ұлттық чемпионатына колледжішілік іріктеу сайысын өткізді.

«Тәуелсіз елдің тірегі, білімді ұрпақ — жүрегі» танымдық сайысты Сарбалаева Айгүл Шәкиқызы мен Серкебаев Дәурен Жұбайұлы өткізсе, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30 жыл,  атаулы-даталы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына және Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған қалалық мектепаралық олимпиаданы бірлестік оқытушысы Қыпшақбаев Қанат Зейнуллаұлы  ұйымдастырды.

Арнайы пән оқытушысы Жұмабекова Мира Жұмабекқызы «Мамандығым-мақтанышым» атты дөңгелек үстел, ал тарих пәнінің оқытушысы Колдабекова Ақмарал Сайлауқызы ПМНО-20 оқу тобымен «Көшпелі өркениет құндылықтары» атты ашық сабақ,  сондай-ақ УА-19/9г оқу тобына бірлестік оқытушысы Кушекова Мира Агисқызы «Мемлекеттік бюджет» атты сыныптан тыс  онлайн сабақ өтті.

Апталықтың жабылу салтанатында апта бойы қатысқан білім алушыларға марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, жырдан шашу шашылды.

                                       

«Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» атты апталықтың жабылуы
«Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» атты апталықтың жабылуы барысында апта бойы өткен іс-шараларға қорытындылар жасалды. Google Meet қосымшасы арқылы өткен онлайн конфренция мен мектепаралық онлайн эссе байқауының қорытындысы айтылып, колледж және мектеп оқушылары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, апталық барысында болған сайыстардың әділ бағасын берген әділ қазыларға да алғыс білдірілді.

                                                                       

«Техникалық мамандықтар пәндері» ЦК 07.12.20-15.12.20ж аралығында өткен «Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» оқу әдістемелік апталығы аясында «Жас биолог-2020» атты қалалық мектепаралық пәндік олимпиадасы өтті. Ұйымдастырушы химия-биология пәні оқытушысы Тоқсанбаева Ақжарқын Аққанжарқызы.
Олимпиаданың мақсаты: оқушыларды жаратылыстану ғылымдарына деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми-зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерін насихаттау.
Олимпиадаға 13-мектептен 27 оқушы қатысып:

І дәрежелі дипломмен 172-мектептің оқушысы Бектұрсын Аяулым,
ІІ дәрежелі дипломмен 4 IT мектебінің оқушысы Әбжаппар Біржан және 197-орта мектеп оқушысы Әбдірәшім Гаухартас,
ІІІ дәрежелі дипломмен 101-мектеп оқушысы Бекайдар Балнұр және 143-мектеп оқушысы Қорғанбек Аягөз, 144-мектеп оқушысы Сайпенова Меруерт жеңіп шықты.

Қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталды

                           

11.12.2020 жылы Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» «Техникалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің апталығы аясында Жұбатова Шаттық пен Мұхитова Мақпалдың ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты 1 курстар арасында интеллектуалды сайыс болды. Сайыстың мақсаты:
Физика мен химияға деген қызығушылықтарын арттыру; логикалық ойлау қабілетін және ораторлық шеберлігін ойын арқылы дамыту.

Сайысқа ОПДА-20-9г; ИС-20-9г; ПД-20-9г оқу топтары қатысты.
Сайысқа әділ бағасын беріп, студенттерге бағыт бағдар көрсеткен оқытушылар:
1. «Болашақ» медициналық жоғары колледжінің химия пәнінің оқытушысы И.О.Орынбасарқызы
2. «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің химия-биология пәнінің оқытушысы А.А.Тоқсанбаева
3. «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің математика пәнінің оқытушысы З.Т.Төлегенова бағасын берді.
Сайыс барысында өз білімдерін көрсетіп үздік болған топтар марапатталды:
1. ИС-20-9г оқу тобы І дәрежелі диплом
2. ПД-20-9г оқу тобы ІІ дәрежелі диплом,
3. ОПДА-20-9г оқу тобы ІІІ дәрежелі диплом

 

 

 

                     

11.12.2020 жылы «Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» «Техникалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің апталығы аясында Шахизат Айгерім РТ-18/9г оқу тобымен Google Meet қосымшасы арқылы «Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында байланыс жүйесі сандық компьютерді бағдарламамен қамтамасыз ететін еске сақтаушы құрылғыны және нақты қосылыстарды орындауға арналған арнайы аппараттық құрал-жабдықтары бар сөрелі плата ұстағышты қосатынын айтып өтіп, байланыс түрлерімен таныстырып шықты.

10.12.2020 жылы «Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» «Техникалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің апталығы аясында Шадаев Бақбергеннің ұйымдастыруымен «Жаңғыртпалы энергиясы- жарқын болашақ кепілі» атты ғылыми-теориялық онлайн конференция өтті.
Ғылыми-теориялық онлайн конференция мақсаты:
• Студент жастарды кәсіби дамуының барысында ынталандыру және қолдау көрсету;
• Білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілетін ашу;
• Табиғи ортаның, қоғамның, технологиялардың даму заңдылықтарын талдау арқылы өзекті мәселелерді шешу;
• Іздеу, өңдеу және өңдеудің заманауи әдістерін мақсатты меңгеруді,ғылыми ақпаратты пайдалануды үйрету;
• Кәсіби қызмет объектілерімен байланысты
физиологиялық, психофизиологиялық, зертханалық зерттеулер);
ұйымдастыру саласында теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыру;
• Ғылыми эксперименттерді, зерттеулерді, әзірлемелерді және инновацияларды басқаруды үйрету;
• Жобаның өзектілігін, ғылыми және практикалық маңыздылығын негіздеу,оның әлемдік трендтегі орнын анықтау – шешілмеген мәселелерді іздеу.

Ғылыми-теориялық онлайн конференцияға әділ бағасын берген мамандар:
1. «Болашақ» университетінің Электр энергетика саласының оқытушысы-Болатбекова Айгул Болатбеккызы
2. «Болашақ» университеті жоғары колледжі директорының ТЖ орынбасары –Рамазанов Олжас Ермұхамедұлы
Ғылыми-теориялық онлайн конференцияда өзінің мықты жобасымен көзге түскен студенттер жүлделі орындармен марапатталды:
1 орын. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі студент Шымберген Жайна Ерленқызы, жетекшісі- Молдаш Ырысбек Әбжамалұлы
2 орын. Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж студенті Төлеген Жандос Абайұлы, жетекшісі- Сакитжанов Мархабат Шахмаранович
3 орын. «Болашақ» университетінің жоғары колледжі студенті Бақытжанов Адилет, жетекшісі-Шадаев Бакберген Шәкизадаұлы

                                    

10.12.2020 жылы Әлі Темірлан Google Meet қосымшасы арқылы «Сарбаз болам мен ертең» атты онлайн ашық тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
2. Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
Биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл. Тәрбие сағат барысында студенттерге Қазақстан қарулы күштерінің негізгі міндеттері мен қызметі таныстырылды.

                           

08.12.2020 жылы «Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» «Техникалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің апталығы аясында Бақи Ақтоты мен Ешжанова Гульвираның ұйымдастыруымен «Universal педагог» қалалық колледжаралық оқытушылар сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: Білім беру үдерісін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін түсіну және тәжірибелік пайдалану, педагогтың инновациялық тәжірибесін таныстыру үшін ақпараттық кеңістікті құру арқылы жаңарту жағдайында тиімділігін және қарқындылығын арттыру.

Сайысқа әділ бағасын берген әділқазылар:
1. Төлегенова Фарида Жаңаталапқызы
2. Исхакова Карлыгаш Өтегенқызы
3. Усайнова Гүлжамал Манатбековна
Сайыс барысында өз шеберліктерін көрсеткен жас мамандар жүлделі орындармен марапатталды:
1 орын- Календеров Молдияр Достиярұлы «Болашақ» жоғары медициналық колледж
2 орын-Жасылық Мөлдір Жарқынбекқызы- «Ақмешіт» колледжі
3 орын- Елубаева Ақзина Ноябрьқызы «Болашақ» университетінің жоғары колледжі
Алғыс хат- Рахатова Фарида Талғатқызы «Орда» жоғары колледжі, Жалғасбек Гүлназ Қанжарқызы Политехникалық колледж

                                                             

08.12.2020 жылы «Оқу – тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» «Техникалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің апталығы аясында Омарова Зина мен Киынбаева Балжанның ұйымдастыруымен «Қызықты математика» қалалық колледжаралық жас математиктер сайысы болып өтті. 

Сайыстың мақсаты: Қазіргі онлайн қашықтан оқыту кезеңінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыру, есептер шығару қабілетін дамыту.  

Сайысқа әділ бағасын берген әділ-қазылар:

1. Исхакова Карлыгаш Утегеновна – «Болашақ» университетінің аға оқытушысы

2. Ергалиева Жазира Алмағанбетовна – «Болашақ» жоғары медицина колледжінің оқытушысы

Сайыс барысында өз білімі мен тапқырлығын көрсеткен студенттер марапатталды:

I орын. Кенжебек Айым Пралиқызы, М.Маметова атындағы жоғары колледжі —  «Пифагор» тобынан;     

II орын. Қуанышбекова Дильназ, Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж  –     «Әл-Фараби» тобынан;         

III орын. Таңатарова Ақнұр Мұратқызы, «Абылай хан»  атындағы жоғары колледжі-«Пифагор» тобынан

                            

Алғыс хат — Әбу Әйгерім Саламатқызы, М.Маметова атындағы жоғары колледж, жетекшісі: Жұмағұлов Қайрат

Алғыс хат — Абдрахман Ақнұр Еркебұланқызы, М.Маметова атындағы жоғары колледж, жетекшісі: Жұмағұлов Қайрат

Алғыс хат — Тынымбай Замира Сәбитқызы, М.Маметова атындағы жоғары колледж, жетекшісі: Сайуайова Нұргүл

Алғыс хат — Ыдырыс Назым, «Болашақ»университетінің жоғары колледжі, жетекшісі: Омарова Зина Тулегеновна

Алғыс хат — Қабланбек Жанна Қабланбекқызы, «Болашақ»университетінің жоғары колледжі, жетекшісі: Киынбаева Балжан Кенжегалиевна 

Алғыс хат — Батырбекова Индира Бауыржанқызы, «Болашақ»университетінің жоғары колледжі, жетекшісі: Киынбаева Балжан Кенжегалиевна

                                                       

07.12.2020 жылы «Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және инновациялық тәжірибелерді пайдалану» атты «Техникалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің апталығы  онлайн түрде Google Meet қосымшасы арқылы ашылды.

Апталықтың мақсаты: Оқу тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану, мұғалімдердің білімін жетілдіру және оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру.

«Техникалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің жетекшісі Ешжанова Гульвира Бекмуратовна апталық барысында өтетін іс-шаралармен таныстырып, бірлестікке қатысты мамандықтарға шолу жасады.

                                                           

2020 жылдың 16-21 қараша аралығында «Болашақ» унивнерситтетінің жоғары колледжінің «Педагогикалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген  «Педагогикалық тәжірибе- шығармашылық жолында: ізденістер, жаңалықтар, табыстар»  атты апталығы өткізілді.

Мақсаты: Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар мен озық тәжірибелерді насихаттай отырып, қашықтықтан оқыту жүйесіндегі оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формалармен бөлісу. Апталық барысында колледж оқытушылары «Ертегі – ұлттық тәрбиенің айнымас бөлшегі» тақырыбында қалалық онлайн сурет байқауы, ашық сабақтар, вебинарлар, қалалық мектеп аралық жарыстар, акциялар, дөңгелек үстелдер, оқытушылар арасында спорттық ойындар, т.б.  түрлі іс-шаралар өткізілді. Онлайн түрінде студенттер мен колледж оқытушылары белсене арласты. Апталықтың жабылу салтанаты барысында әрбір шараға қатысқан колледж студенттері, мектеп оқушылары, колледж оқытушылары жүлделі дипломдармен, алғыс хаттар, сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

              

«Болашақ» университетінің жоғары колледжінде  «Ыбырай — қазақ халқының сөнбес шырағы» атты Ыбырай оқулары  байқауы  болып өтті. Байқауға қаладағы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының 1-2 курс білім алушыары қатысты. Байқау онлайн түрде ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты:

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қазақ тілінің көркемдік ерекшеліктерін, бай сөздік қорын насихаттау:
  • Ағартушы-педагог, ақын-жазушы Ы.Алтынсариннің шығармаларын насихаттау, есімін ұлықтау;
  • Ыбырай шығармашылығы арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту

Байқауға «Болашақ» университетінің оқытушысы Садуақасова Гауһар, «Болашақ» жоғары медицина колледжінің оқытушысы  Боранқұлова Гулдариха, «Болашақ» университетінің жоғары колледжі оқытушысы Маханова Ақерке апайлар әділ-қазылық етті.

Байқау нәтижесінде  І-орынды  «Орда» жоғары колледжінің білім алушысы Жұманиязова Рухият Арысбекқызы  жетекшісі  Сейтжанов Алайдар Сануарұлы.

 ІІ- орын Ақмешіт колледжінің білім алушысы Махмуталиева Айсенім, жетекшісі Ахметова Гүлжаухар,

ІІІ-орын  «Болашақ» жоғары медицина колледінің білім алушысы Аубакирова Нұрай, жетекшісі Ұзақова Баян

Барлық қатысшылар арнайы дипломдармен марапатталды.

20.11. 2020 жылы «Болашақ» университетінің жоғары колледжінде ұйымдастырылған «Педагогикалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің бағдарламасына сәйкес колледж оқытушысы Елюбаева Ақзина Ноябрьқызы «Ертегі – ұлттық тәрбиенің айнымас бөлшегі» тақырыбында қалалық бастауыш сыныптар (1-4 сыныптар) арасында өзін-өзі тану пәні бойынша онлайн сурет байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • балалардың шығармашылық ойлауы мен қиялдарын дамыту;
  • халықтық дәстүрлер мен құндылықтарды дәріптеу;
  • көркемдік-эстетикалық қызметінің мәдениетін қалыптастыру;
  • шығармашылық қызмет барысында өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі білдіруге жағдай жасайтын ортаны құру;

Аталған байқауға И. В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей, Байзақ Момынбаев атындағы № 278 ІТ мектеп-лицей, № 222 қазақ орта мектеп, № 4 ІТ мектеп-лицей, № 11 орта мектеп оқушылары қатысуға өтініш білдірді.Жалпы 18 оқушы қатысты.

І орын иеленген оқушылар:  № 10 мектеп, 1 сынып Молдаш Нұрдәулет, № 2 дарынды балалар арнайы Мұрагер мектеп, 1 сынып Сәрсенбек Диас, Б Момынбаев атындағы № 278 ІТ мектеп-лицей, 1 сынып Рамазан Айлин.

ІІ орын иеленген оқушылар: И. В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей, 3 сынып Аманат Бекмұрат, 1 сынып  Әлімхан Әділет, № 271 мектеп, 2 сынып Мұратбек Ләйлә.

ІІІ орын иеленген оқушылар: № 4 ІТ мектеп-лицей, 2 сынып Елеусіз Мұхамедали, № 222 қазақ орта мектеп, 1 сынып Халыбек Ерсұлтан, И. В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей, 3 сынып Сағатқызы Айман.

19.11.2020 жылы Қазақты танығың келсе Абайды оқы тақырыбында Педагогика пәнінің   оқытушысы  А.Нурғалиева жалпыұлттық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

.Шараның мақсаты:Жазушы М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясын оқи отырып,ұлы ақынның даналығын,рухани асыл мұрасын насихаттау,өлеңдерін мәнерлеп оқыту,әндерін айтқызу.

П-20/9 оқу тобының білім алушысы М.Құлдүйсенова ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа оқып,көрермен көзайымына айналды.

Колледждің қатысушы студенттері «Абай жолы» роман-эпопеясын оқи отырып,мазмұндап,шығарма туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып,өзара пікір алмасты.

Колледждің арнайы пән оқытушысы Г.Рамазанова А.Құнанбаев тақырыбында салған суретшілер өмірі жайлы тың деректермен таныстырып өтті.

19.11.2020 жылы Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы  Жаңабаев Азамат  Googlle meet  браузері арқылы дене тәрбиесі пәні  бойынша «Саптық жаттығулар» тақырыбында ВТИПО-19/9г  оқу тобында ашық сабақ ұйымдастырды.  Сабақ барысында түрлі мазмұнды әдіс-тәсілдер арқылы  жаңа тақырып  білім алушыларға түсіндіріліп, үй тапсырмасы  да  сұралды. Сабақ барысында жаңа сабақты ұйымдастыра отырып, пән оқытушысының өзі дайындаған бейне роликтерін көрсетті.Осындай  жаңашылдыққа толы ашық сабаққа  колледж оқытушылары  Серібаева Ж, Каденова Г, Калжанова А, Токсанбаева А, Сарбалаева А қатысып, тәжірибе алмасты.

19.11.2020 жылы «Болашақ» университеті жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» мамандығының арнайы пән оқытушысы Бердібаева Гүлмарал Ғаниқызы ДО-17/9 оқу тобына Педагогика пәнінен «Мектеп жасына дейінгі  балалармен мерекелер ұйымдастыру және оған жоспар құрастыру» тақырыбында Googlemeet бағдарламасы арқылы, онлайн түрде ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ  барысында Learningapps бағдарламасын қолданып, білім алушылардың назарын өзіне аудара білді. Сонымен қатар ертеңгіліктің құрылымын түсіндіріп, онлайн түрде өткізуге болатын ертеңгіліктің үлгісін видео арқылы көрсетіп, қиял әлеміне сапар шектірді.

Ашық сабаққа апталық аясында құрылған комиссия мүшелері Қ.Кипшакбаев, Ж.Серібаева, А.Тоқсанбаева, А.Бақи, Г.Ешжанова, А.Маханова, А.Қалжанова қатысып, өз бағаларын беріп, жоғары деңгейде өткенін айтып өтті.

18.11.2020 жылы «Болашақ» жоғары колледжінде ұйымдастырылып жатқан  «Педагогикалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің бағдарламасына сәйкес колледж психологы  Прмантаева  Гүлназ  Өмірсерікқызы    «Дос пен достық, мен үшін…?»  тақырыбында студенттер арасында тренинг ұйымдастырды. Тренингке  оқу  орнының білім алушы  білімді жастары қатысып,  түрлі  ойындар, тапсырмалар орындап,  белсенділік танытты.  Сонымен бірге,  тренингке  апталық барысында құрылған комиссия  мүшелері  В.Жубаниязова  ,.Қ.Кипшакбаев , Ж.Тажикова , К.Календарова , Ш.Жубатова  Ж.Серібаева  қатысып, өз бағаларын берді.

Студенттер бір-бірімен  жақсы қарым-қатынас орнатты. тренинг өте жоғары деңгейде өтті.

19.11.2020 жылы  «Педагогикалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің  бүгінгі күні спорт сүйер қауымға арналды. Дене тәрбиесі пәнінің  оқытушылары  Өмірзақов Бауыржан мен Аппазов Беріктің   ұйымдастыруымен оқытушылар арасында шашка мен теннис  ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс өте тартысты өтті. Бір сәт оқытушылар серпіліп, белсенді түрде  ойын ойнап,   ой сергітті.  Жарыс нәтижесінде  шашка ойыны  бойынша   1 орынды  арнайы пән оқытушысы  Шадаев Бакберген қанжығасына байласа,  2 орынды  ағылшын тілі пәнінің оқытушысы  Оразбай Арайлым еншіледі, 3 орынды   Арнайы пән оқытушысы  Сарбалаева Айгул мен   математика пәнінің оқытушысы Қиынбаева Балжан иемденді.

Үстел теннисінен  оқытушы қыздар  арасынан   1 орын  Бақи Актоты,

2 орын Жумабекова Гулнур, 3 орын Рамазанова Гулнара апайлар алса,  ерлер арасынан үстел теннисі бойынша  1 орын Сейтжапбар Дастан,

2 орын Жаңабаев Азамат, 3 орын Кипшакбаев Канат қанжығасына  байлап, жарыстың көркін қыздырды.

Жарыс соңында барлық ойыншылар арнайы  марапаттарға ие болды.

18.11.2020 жылы  Дене тәрбиесі пәнінің оқтушысы  Збайраев Жандарбектің ұйымдастыруымен Googlle meet браузері арқылы   «Тренажер залының нұсқаушысы»  пәні  бойынша ФИС-18/9-2  оқу тобында  ашық сабақ  болып өтті.  Ашық сабақта  білім алушыларға  «Отырып тұру, жатып тартылу көтеру, ауыр тарту»  тақырыбы бойынша  арнайы  әдіс-тәсілдер  арқылы  түсіндірме жұмыстары жасалынып, тақырып бойынша оқытушы Ж.Збайраевтің әзірлеген бейне сабағы  көрсетілді.

Ашық  сабаққа  колледж оқытушылары  Кипшакбаев Қ, Бердибаева Г, Мырзашова Қ, Калжанова А, Токсанбаева А т.б. қатысты.

17.11.2020 жылы     Жаңа оқу жылының ерекшелігіне орай  жаңашылдықпен білім беру әрбір оқытушының бүгінгі таңдағы өзіндік міндеті болып тұр. «Педагогикалық мамандықтар пәндері» бірлестігі  апталығының  кезекті бөлімі  арнайы пән оқытушысы А.Е.Нургалиеваның  «Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының түрлері және кері байланыс жасаудың тиімді жолдары»  тақырыбы бойынша ұйымдастырған вебинарына  арналды.   

Вебинар барысында колледж оқытушылары  қашықтықтан оқыту  жүйесінде  өздері пайдаланып жүрген  білім беру платформалар түрлері мен кері байланыс жасаудағы бағдарламаларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Вебинарда: Рамазанова Гүлнар, Жұмабекова Гүлнұр, Жұбатова Шаттық, Омарханова Айнұр, Бердібаева Гүлмарал. Елюбаева Ақзина және  ұйымдастырушы А.Нургалиева  арнайы баяндама жасап, пікірлерін ортаға салды. Сонымен бірге  вебинарды колледждің өзге де оқытушылары онлайн түрде  көре білді.. Вебинар соңында  барлық қатысушыларға  сертификаттар табысталды.

17.11.2020 жылы  Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы  Сейданова Айнұр  Дүйсенбекқызы Googlle meet  браузері арқылы дене тәрбиесі пәні  бойынша До-19/9 г  оқу тобында ашық сабақ ұйымдастырды.  Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған ашық сабақтың тақырыбы «Акробатикалық жаттығулар». Сабақ барысында түрлі мазмұнды әдіс-тәсілдер арқылы  жаңа тақырып  білім алушыларға түсіндіріліп, үй тапсырмасы  да  сұралды. Осындай  жаңашылдыққа толы ашық сабаққа  колледж оқытушылары  Серібаева Ж, Каденова Г, Калжанова А, Токсанбаева А, А Сарбалаевалар А қатысып, тәжірибе алмасты.

16.11.2020 жылы «Педагогикалық тәжірибе – шығармашылық жолында: ізденістер, жаңалықтар, табыстар» атты «Педагогикалық мамандықтар пәндері» бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Апталықтың мақсаты: білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар мен озық тәжірибелерді насихаттай отырып, қашықтықтан оқыту жүйесіндегі оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларымен бөлісу.

Апталықтың ашылу салтанатында бірлестік  жетекшісі: Құралай Баяхметқызы «Оқу үдерісінің ұйымдастырудың жаңа формасы – қашықтықтан оқыту технологиясы» тақырыбында вебинар ұйымдастырып, колледж оқытушыларына қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқыту платформалары туралы айта отырып, қашықтықтан оқытудың маңыздылығы туралы ақпарат берді. Апталықтың ашылу салтанатына колледж оқытушылары мен бірге колледж оқытушыларынан құралған комиссия мүшелері және білім алушы оқу топтарының студенттері де қатысып, апталық барысында атқарылатын жұмыстармен танысты.

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы     

                    

Психикалық денсаулық — бұл біздің өз қабілетірімізді жүзеге асыру, күйзелістерге төтеп беру және жақсы өмір сүрудің негізі — ішкі сезім жарасымы.

Колледж білім алушыларының психикалық денсаулығын нығайту мақсатында жақсы 10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулықты нығайту күні болып тағайындалуына орай,  «Болашақ»  университетінің жоғары колледжінде облыстық оқу орталығының ұсынымымен «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы»  тақырыбында zoom платформасы арқылы онлайн кездесу болып өтті.

 Кездесу барысында ата-аналар балалардың сезіміне ықпал ету,  отбасында қолайлы, сүйіспеншілікке толы орта қалыптастыру, психикалық денсаулық туралы ақпарат және көмек қажет болған жағдайда кімдерге байланысу қажет екендігі жөнінде ақпараттар алды.

                                        

«WorldSkills  Kazakhstan»-Қазақстанағы техикалық кәсіптерді насихаттайтын, қоғам назарын өзіне ерекше аударған, әлемнің 75 мемлекетіне таратылған халықаралық  инновациялық іс-шара.

«WorldSkills  Kazakhstan» чемпионатының мақсаты —  жастарды кәсіптік даярлау  саласындағы  әлемнің үздік тәжірибесін  анықтау және ҚР техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу, отандық жүйеге жаңа оқыту технологияларын енгізу және инновациялық ізденістерді ынталандыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша үнемі әдістемелік көмек  арқылы ұлттық сарапшылық қауымдастығын дамыту, еңбек адамы  дәрежесін және техникалық кәсіп мәртебесін арттыру.

Кәсіптік мамандықтарды қол еңбегін қажет  ететін мамандықты таңдаған жастар арасында кеңінен  насихаттай отырып, жастарды  үздік болуға талпындыру, кәсіптік мамандықтың стандарттарын жоғарылату, жұмысшы  мамандығының беделін және  кәсіптік білім сапасын арттыру негізінде  «Болашақ» университетінің жоғары  колледжінде   30-қыркүйек күні WorldSkills  Kazakhstan-2020ұлттық чимпионатына облыстық  кезеңіне қатысушыларды іріктеу  ұйымдастырылды. Іріктеу  кезеңңне 18-22 жас аралығындағы  білім алушылар мен  арнаулы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Қатысушылар бірінші кезеңде кәсіби шеберліктерін көрсетіп  әйелдер коммерциялық  салон  шаш үлгісін көрсеумен қатар, подиумдық шаш үлгісін жасап көрсетті. Одан әрі ерлер перманеті және сақал дизайны, әйелдер  сәнді шаш үлгісі, бояу түрінің үш көрсеткіші, қалыңдық шаш үлгісі, ұзын шашқа арналған әшекей қолдану  бойынша бақ сынаса, сайыстың соңғы кезеңінде  әйелдер сәнді шаш қию, бояу, ерлердің дәстүрлі  классикалық шаш қию және қалыпқа келтіру  бойынша өнер көрсетті. 0506000 — «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілігі бойынша: Бас сарапшы шаштараз мамандығының арнайы пән оқтушысы эконмомика ғылымдарының магистрі  Календарова Кунсулу Алтынбекқызы.

  Сайыс  нәтижесінде І-дәрежелі дипломмен «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің бітіруші түлегі WorldSkills  Kazakhstan-2019 республикалық чипионаттың қатысушысы  «Болашақ» университетінің жоғары колледжібітіруші түлегі Мәдібек Самал Қалдарбекқызы  марапатталды. Жетекшісі шаштараз шебері «Лотос» сән салонының директоры Қуатбаева Шолпан Сансызбайқызы. ІІ-дәрежелі дипломмен «Болашақ» университетінің жоғары колледжі  ІІІ-курс студенті  Сұлтанахмет Інжу  Алшынбайқызы. жетекшісі шаштараз шебері «Шэихислам» сән салонының директоры  Ерманова Әлия  Нұртазақызы. ІІІ-дәрежелі дипломмен «Болашқ» университетінң жоғары колледжі ІІІ- курс студенті Тулеова Шынар Жалғасбайқызы, жетекшісі арнайы пән оқтушысы Алимбетова Айман Бақназарқызы. «Болашақ» университетінің жоғары колледж ІІІ-курс студенті Ерболат Айдана Русланқызы «Үздік маман»номинациясымен марапатталды жетекшісі «Мадина» сән салонының шебері  Ибраева Аида сонымен қатар Баймұрзаева Асель Тұрғанбайқызы алғыс хатпен марапатталды жетекшісі «Диана» сән салонының директоры  Нұржанова  Жұлдыз Ізбасарқызы  Чемпионатқа қатысушылар өте жоғары белсенділікпен қатысып, өнер көрсетті.

 

               

Бүгін колледжішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты колледж тәрбие  жұмысының орынбасары, модератор  О.Ермұхамедұлы  жүргізді.

Колледж директоры Г.Ж.Снасапова сөз алып, колледждің  оқу-тәрбие жұмыстарының базасы, колледждің ішкі тәртібі, оқу жүйесі туралы ата-аналарға ақпарат берді.

Одан соң колледж директорының оқу жөніндегі орынбасары В.А.Жұбаниязова  колледжде жүргізілетін  білім беру жүйесінің жүзеге асырылу жолдары туралы  баяндама  жасады. Онда коллдж студенттерінің  аранйы сайтта сабақ оқу, оқытушылармен кері байланыс жасау жолдары туралы нақты айтылды. Сондай-ақ  ақылы негізде білім алушыларға колледжде  оқу ақысына  жасалынатын  жеңілдіктер мен шәкірт ақы туралы ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Білім алушылардың тәртібі, ұсақ құқық бұзушылық, Елбасының мүлдем төзбеушілік қағидасы, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жасөспірім тәртібіне қатысты баптармен танысту жұмыстары туралы   колледж директорының тәрбие жұмысының орынбасары О.Е.Рамазанов сөз алып, ата-аналармен сұқбаттасты.

Жиналыс барысында ата-аналар сұрақтар  қойып, пікір алмасты.

                                         

Иә, Отан отбасынан басталады. «Ұядан не көрсең ұшқанда соны ілерсің»- деп бекер айтылмаған. Отбасы тәрбиесінің  маңыздылығы  бала бойында түрлі қасиеттерінің қалыптасуының алғашқы баспалдағы.

«Болашақ» университеті жоғары колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алушы ПМНО-20 оқу тобының студенттері қалалық ішкі саясат бөлімі және «Ашық азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен  «Отан-отбасынан басталады» атты онлайн эссе байқауына қатысты. Байқау нәтижесі бойынша  Әбен Айкүміс Болатқызы  жүлделі  ІІІ-орын Дипломмен,  Кейкібай Әлия Баянқызы мен Орынбай Мөлдір  Ғабидуллақызы  арнайы Алғыспен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Марапаттауға ішкі саясат бөлімінің басшысы Есмаханов Алмасбек мырза қатысты.

 

                                                                     

Сары даланы  сап-сары бояуға  көмкерген алтын  күзбен  бірге жетер ұстаздардың төл мерекесі биылғы  жылы өз бояуымен ерекшеленді.

Саналы ғұмырларын сапалы білім мен  тәрбиеге арнаған аяулы ұстаздар «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты   ұстаздар күніне орай  ұйымдастырылған  іс-шарада бас қосты. Іс-шараға білім ордасын алақанына салып әлдилеп жүрген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым акедемиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор «Болашақ» университетінің  ғылыми жетекшісі Досманбетов Бақбереген Сәрсенұлы  қатысып, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп,жақсы қасиеттірді бойына дарытып, адамгершілік бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап,  колледж ұстаздарын  марапаттады.

                           

Әрбір ұстаз үшін еткен еңбек, төккен тер бағаланары анық. Бүгін ұстаз күні қарсаңында саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған ардақты ұстаз Қыпшақбаев Қанат Зейнуллаұлы «Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы» арнайы төсбелгісімен және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасарының аранайы АЛҒЫС хатына ие болды. Бұл қуаныш ұстаздар үшін мәртебе.
«Болашақ» университетінің ректоры Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы мен «Болашақ» университеті жоғары колледж директоры Снасапова Гүлжан Жұмашқызы арнайы құттықтап, құрмет көрсетті.
Қанат Зейнуллаұлы сан жылдар бойы ұстаздық қызмет етіп, көптеген авторлық мақалалар мен зерттеулер жазып, шәкірттері бұл күндері жоғары биіктерден көрініп жүрген ардақты ұстаз.

Марапатыңыз құтты болсын, Қанат ағай!

                                                                                    

«WorldSkills  Kazakhstan»-Қазақстанағы техикалық кәсіптерді насихаттайтын, қоғам назарын өзіне ерекше аударған, әлемнің 75 мемлекетіне таратылған халықаралық  инновациялық іс-шара.

«WorldSkills  Kazakhstan» чемпионатының мақсаты —  жастарды кәсіптік даярлау  саласындағы  әлемнің үздік тәжірибесін  анықтау және ҚР техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу, отандық жүйеге жаңа оқыту технологияларын енгізу және инновациялық ізденістерді ынталандыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша үнемі әдістемелік көмек  арқылы ұлттық сарапшылық қауымдастығын дамыту, еңбек адамы  дәрежесін және техникалық кәсіп мәртебесін арттыру.

Кәсіптік мамандықтарды қол еңбегін қажет  ететін мамандықты таңдаған жастар арасында кеңінен  насихаттай отырып, жастарды  үздік болуға талпындыру, кәсіптік мамандықтың стандарттарын жоғарылату, жұмысшы  мамандығының беделін және  кәсіптік білім сапасын арттыру негізінде  «Болашақ» университетінің жоғары  колледжінде   30-қыркүйек күні WorldSkills  Kazakhstan-2020ұлттық чимпионатына облыстық  кезеңіне қатысушыларды іріктеу  ұйымдастырылды. Іріктеу  кезеңңне 18-22 жас аралығындағы  білім алушылар мен  арнаулы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Қатысушылар бірінші кезеңде кәсіби шеберліктерін көрсетіп  әйелдер коммерциялық  салон  шаш үлгісін көрсеумен қатар, подиумдық шаш үлгісін жасап көрсетті. Одан әрі ерлер перманеті және сақал дизайны, әйелдер  сәнді шаш үлгісі, бояу түрінің үш көрсеткіші, қалыңдық шаш үлгісі, ұзын шашқа арналған әшекей қолдану  бойынша бақ сынаса, сайыстың соңғы кезеңінде  әйелдер сәнді шаш қию, бояу, ерлердің дәстүрлі  классикалық шаш қию және қалыпқа келтіру  бойынша өнер көрсетті.

  Сайыс  нәтижесінде І-дәрежелі дипломмен «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің бітіруші түлегі WorldSkills  Kazakhstan-2019 республикалық чипионаттың қатысушысы  «Болашақ» университетінің жоғары колледжібітіруші түлегі Мәдібек Самал Қалдарбекқызы  марапатталды. Жетекшісі  арнайы пән оқтушысы эконмомика ғылымдарының магистрі  Календарова Кунсулу Алтынбекқызы.

 ІІ-дәрежелі дипломмен «Болашақ» университетінің жоғары колледжі  ІІІ-курс студенті  Сұлтанахмет Інжу  Алшынбайқызы.Жетекшісі  арнайы пән оқтушысы эконмомика ғылымдарының магистрі  Календарова Кунсулу Алтынбекқызы. ІІІ-дәрежелі дипломмен «Болашқ» университетінң жоғары колледжі ІІІ- курс студенті Тулеова Шынар Жалғасбайқызы, жетекшісі шаштараз шебері «Шэихислам» сән салонының директоры  Ерманова Әлия  Нұртазақызы иемденсе, чемпионатқа қатысқаны үшін арнайы Алғыс хатқа  «Болашақ» университетінің жоғары колледж ІІІ-курс студенті Ерболат Айдана Русланқызы ие болды.Жетекшісі шаштараз шебері «Лотос» сән салонының директоры Қуатбаева Шолпан Сансызбайқызы.

   Чемпионатқа қатысушылар өте жоғары белсенділікпен қатысып, өнер көрсетті.

                                                                

Дәл осындай атаумен «Болашақ» университетінің жоғары  колледжінде1-4 курстар  арасында  5қыркүйек тіл  мерекесіне арналған  тіл апталығы болды.

Апталықтың алғашқы күні  1- курс студенттері «Мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы» тақырыбында шығарма жазса, апталықтың екінші күні «Тіл –татулық тірегі» атты колледж студенттері мен оқытушылары арасында челлендж ұйымдастырылды.

Апталықтың үшінші күні 1-4 курс білім алушылары  әрі Абай Құнанбайұлының өлеңдерін үш тілде  мәнерлеп оқыса, келесі күні ақын Абайдың «Сегіз аяқ» әнін  орындады. Одан әрі тіл апталығы «Жүрегімнің түбіне терең бойла» тақырыбымен қазақ ұлтының әлеуметтік өмірі мен мәдениеті, ғылымы мен білім жолында  адал еңбек еткен ірі қайраткер  А.Байтұрсыновқа  арнау өлеңдерін шығарап видео-ролик жасап  және  көркем шығармалардан  үзінді монолог оқыды. Апталықтың соңғы күні білім алушылар ақын Абайдың 175 жылдық мерей тойына арналған  презентация  қорғады.

Бір аптаға созылған  апталықтың нәтижесінде  «Мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы» тақырыбында шығарма сайысы бойынша  ИС-20-9г оқу тобының білім алушысы Алдабергенова Мадина І-орын, Ис-20-9 г оқу тобынана Нәлтай Аяжан ІІ-орын аласа, ІІІ-орында Пмно-20 оқу тобының студенті Әбен Айкүміс пен П-20-9 оқу тобының студенті Берікова Жанель еншіледі.

Мәнерлеп өлең оқу сайысы бойынша І-орынды Ая-17-9 оқу тобының студенті Батырқызы Гүлсезім алса, ІІ-орынды П-20-9 оқу тобының студенті Құлдүйсенова Меруерт, ІІІ-орынды ДОА-19-9 г оқу тобының студенті  Ахметхан Дильназ еншіледі.


Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындаудан І-орынды  М-18-9 оқу тобының студенті  Раймбек Дильяра, ІІ-орынды Пмно-20 оқу тобының студенті Түктібаева Айгүл, ІІІ-орынды До-17-9 Кәдірбекқызы Айжан өзара бөлісті.

Көркем шығармалардан  үзінді монолог оқу сайысы бойынша І-орынды Уа-19-9 г оқу тобының студенті  Сабырқызы Арден, ІІ-орынды  Ис-20-9 г Нәлтай Аяжан, ІІІ-орынды П-20-9 оқу тобының студенті  Алтынбекова Айдана иеленді.

 А.Байтұрсыновқа  арнау өлеңдерін шығару жыр мүшәйрасынан Пмно-20 оқу тобынан Орынбай Мөлдір мен  Уринбай Ақбота І және  ІІ-орынды  иемденсе, ІІІ-орынды М-18-9 г оқу тобының студенті  Нағметулла  Айсұлу алды.

Абайдың 175 жылдық мерей тойына арналған  презентация қорғаусайысы бойынша  І-орынды Пмно-20 оқу тобының студенті Бақыт Жібек  алас, ІІ-орынды До-19-9 г оқу тобының студенті  Дархан Нақыз иеленді.

 Апталыққа студенттер өте жақсы белсенділікпен қатысып, сайыс тартысты өтті.

 Бүгін «Болашақ» университетінің жоғары колледжінде  «Мемлекет басшысының  үндеуіндегі жемқорлықтың алдын алу бойынша алғашқы адам:  Студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»  тақырыбында  колледж оқытушылары, білім алушылары  мен  мектеп оқушыларының арасында  онлайн- конференция болып өтті. Конференцияны модератор колледждің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары  Рамазанов Олжас Ермұхамедұлы жүргізіді. Конференция барысында колледждің  құқықтану пәнінің оқытушысы Сарбалаева Айгул  Шакиқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  әрбір  азаматтың міндеті» тақырыбында баяндама жасаса, «Болашақ» университетінің  «Құқықтану» мамандығының –курс  білім алушысы  Жарасқызы Алтынай  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті қалыптастыру- ең өзекті мәселе» тақырыбында  конференцияны жалғады.

                                     

Сонынмен біргі  колледж студенті Әбен Айкүміс  Болатқызы  мен   №7  мектеп оқыушылары Оспан Жансая, Ұзақбаева Амина, Мырхиева Гүлсезім Нағашыбайқызы баяндама  жасап, қатысушылармен ой бөлісті.  Конференция  барысында қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып пікір алысты. Конференция соңында  баяндамашыларға арайы сертификаттар табысталды.  

«Болашақ» университетінің жоғары колледж  оқытушы құрамы ZOOM  платформасы арқылы  қашықтықтан  мемлекет басшысы   Жомарт Тоқаевтың Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын талқылады. Колледждің  «Гуманитарлық мамандықтар  пәндер бірлестігі» циклінің  арнайы пән оқытушылары  Дулатов Ықылас Дулатович  «Мемлекеттік қызмет саласындағы  бағыттарды талдау» тақырыбында   Сарбалаева Айгүл Шакиевна  «Экология және қоршаған ортаны қорғап  таза Қазақстанды қалыптастыру бағыты» тақырыбында, ал, «Филологиялық мандықтар пәндер  бірлестігі» циклінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  оқытушысы  Рамазанова Айгерім Батырханқызы мен  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы  Бимаганбетов Абдрахман Бауыржанович « ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы» тақырыбында  баяндама жасады.

 

 

 

Онлайн кездесу барысында  баяндамашылар  Президент Жолдауының әрбір сала бойынша күрделі әрі ауқымды  міндеттерді жүктегенін, әсіресе Үкіметке тапсырылған  үздіксіз білім беру тұжырымдамасының әзірленуі, қашықтықтан  оқытуды ұйымдастыру және оқушыларға қолжетімді және сапалы білім берудегі бәрыңғай білім беретін онлайн – платформа құру, балаларды  мектепке дейінгі жан-жақты дамыту, ғылым мәселесі және білім  саласындағы басты мәселенің бірі-ұстаздар жалақысын көтеру, т.б терең талқылау нысанына айналды.

 

1 қыркүйек Білім күні

 

«Болашақ» университетінің  жоғары колледжінде  санитарлық талап ережелерін сақтай отырып, колледждің атриум залында  колледж оқытушыларының  қатысуымен 1 қыркүйек Білім күніне арналған онлайн түрде  салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынға  «Болашақ» униврситетінің негізін қалаушы  Б.С.Досмамбетов арнайы қатысып, барша ұстаздар  қауымын білім күні мерекесімен  құттықтап, шығармашылық шабыт  пен  толағай  табыс  тіледі.

Сонымен бірге,  білім алушы студенттердің  мерекелік  концерті онлайн  түрде  ұсынылды. Жиыннан соң колледждің барлық оқу топтарында «ҚР Конституциясының құндылықтары», «Мамандық таңдау», «Менің өмірімдегі Конституцияның  рөлі», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз — қоғам мүдделеріне сатқындыққа қарсымыз» тақырыптарында Zoom платформасы  арқылы онлайн тәрбие сағатына жалғасты.  Онда топ кураторлары  арнайы  видео-роликтер, презентация-әңгімелер ұйымдастырып, білім алушылармен сұқбаттар ұйымдастырды.