Жас сарбаз

«Болашақ» университеті жоғары колледжінің, колледжішілік құрылған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесінің жетекшісі: Жалғасбаев Азамат Оразбекұлы

Үйірменің мақсаты мен міндеттері.

Жастарды әскери борышын өтеуге – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге даярлау. АӘД сабақтарында және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірме жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

       Отансүйгіштік, адамгершілік, білімге құштарлық, тәртіптілік, эстетикалық сезімін тәрбиелеу. Отанға, өз өлкесіне, ауылына, еліміздің тарихына деген сүйіспеншілік қалыптастыру. Тарих, әдебиет сабақтарында, азаматтық-патриоттық бағыттағы іс-шаралар, мұражайға бару, қалалық Қорғаныс Істері жөніндегі департамент қызметкерлерімен, Ұлы Отан Ауғанстан соғысы Казбаттар, өнегелі адамдармен кездесу арқылы жүзеге асырылады.

  • Жастар мен армия арасындағы өзара байланысты нығайту. Мұндағы негізгі бағыттар:

    — мерекелік іс-шараларды өткізу барысында қалалық қорғаныс істері    жөніндегі бөліммен тығыз байланыста болу;

    — колледж түлектері қызмет етіп жатқан әскери бөлімдермен байланысу;

    — оқушыларды көптеп қатыстыра отырып колледжішілік іс-шаралар өткізу;

  • Қарулы Күштерде қызмет етуге қызығушылығы мен даярлығын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу. АӘД сабақтарында «Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Егемендігінің күзетінде» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары» тарауы бойынша төмендегі тақырыптарды өту кезінде жүзеге асырылады:

    — Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі.

       — Отанды қорғау-мемлекеттің маңызды қызметі. – Қазақстан Республикасының  конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттік орны.

    — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.

    — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету – патриотизм мен интернационализм мектебі.

    — Қазақстанның қазіргі армиясы.

    — Әскери міндеттілік және әскери қызмет.

    — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері

Қазақстанда әскери кадрларды даярлау.

    — Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту.

    — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары.

 Өзін-өзі бақылаудың ішкі механизмін, өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Үйірме ішіндегі қарым-қатынас дәстүрлі «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!» принципіне негізделген өзара сыйластық, өзара көмек жағдайында орнатылад

Әскери-патриоттық сайыстар

«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық үйірме анты

      Мен, «Болашақ» университеті жоғары колледжінің студенті (тегі, аты, әкесінің аты)  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубына кіре отырып ант қабылдаймын. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және салт дәстүрін құрметтеуге салтанатты түрде ант етемін.Оқытушыларды сыйлауға және колледж ішілік тәртіпті қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін.Колледжде өтілетін барлық жұмыстарға белсене араласуға, үлкендерді сыйлауға, тәртіпті болуға, «Жас сарбаз» патриоттық клубының атына кір келтірмеуге  ант беремін. Өз Отанымның ержүрек  әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, оқуда үздік болуға, Отанымның патриоты болуға ант етемін. Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда мен «Жас сарбаз» патриоттық үйірме мүшелігінен шығуға  дайынмын.

Жас сарбаздардың сыныптан тыс іс-шаралары