Ар-намыс кодексі

Ар-намыс кодексі

Студенттердің ар-намыс кодексі

«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің  студенттері қауымдастығы:

  • Колледждің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы және миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,
  • Қазақстан Республикасындағы техникалық, кәсіптік білім берудің көшбасшысы ретінде «Болашақ» университеті жоғары  колледжінің имиджін және корпоративті мәдениетін дамыту мен қолдауды өзінің міндеті ретінде санай отырып,
  • «Болашақ» университеті жоғары  колледжінің студенттері, оқытушылары, қызметкерлері арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып

«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің студентінің осы Ар-намыс Кодексін қабылдайды және оны мүлтіксіз орындауға міндеттенеді.

1-бап
«Болашақ» университеті жоғары  колледжінің Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін, Студенттер үйінде тұру Ережесін, «Болашақ» университеті  жоғары колледжінің оқытушылар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің этикалық Ережесін және оқу-тәрбие үдерісін реттейтін басқа нормативті-құқықтық актілерді сақтауға міндеттенеді.

2-бап
«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық құндылықтары мен мәдениеттін, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын біледі және қастерлейді, колледж  дәстүрлерін кіршіксіз сақтап, құрметтейді.

3-бап
«Болашақ» университеті жоғары колледжінің студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және қызметкерлермен, әкімшілікпен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық танытады.

4-бап
«Болашақ» университеті жоғары колледжінің студенті кез-келген азаматтың шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан құрметпен қарайды, ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі идеясы мен қағидаттарын насихаттайды.

5-бап
«Болашақ» университеті жоғары колледжінің студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық, этикалық және құқықтық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

  • плагиат,
  • білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында шпаргалка пайдалану, көшіру және біреуден сұрау;
  • жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды  пайдалану;
  • пара беру;
  • оқытушыны алдау және оны сыйламау;
  • сабақтарды себепсіз босату және кешігу.

6-бап

«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің студенті Қазақстанның болашақ экономикалық, саяси және басқару элитасына лайықты сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу идеясын насихаттайды.

7-бап
«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің студенті колледж мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және колледж аумағында құқық бұзушылықтардың, қылмыстың орын алуына жол бермейді. Егер өз қатар құрбысы, досы құқық бұзушылықты немесе қылмысты ұйымдастырғалы (жасағалы) жүргенін білсе, онда оған жол бермеуге және орын алған жағдайды көрген сәтте тиісті тұлғаларға хабар беруге міндеттенеді. 

8-бап
«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің студенті колледжінің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.

9-бап
«Болашақ» университеті жоғары  колледжінің студенті ұқыпты киінеді. Оның сыртқы түр-келбеті зайырлы қоғамның жалпыға ортақ этикалық нормаларына сәйкес келеді.

10-бап
«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, университеттің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.

11-бап
«Болашақ» университеті жоғары  колледжінің студенті колледжде және оның аумағынан тыс жерлерде де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

12-бап
«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің студенті елдегі тәртіптің тұрақсыздануына әкеп соғатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.

13-бап
«Болашақ» университеті жоғары колледжінің студенті колледж мүддесіне қайшы келетін және оның имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез-келген іс-әрекетке қатысудан бас тартады.

14-бап
«Болашақ» университеті жоғары  колледжінің  студенті студенттік қоғамдастыққа кіретінін мақтаныш тұтып, корпоративті біртұтастық сезім қалыптастырады.

15-бап
«Болашақ» университеті  жоғары колледжінің студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе колледж әкімшілігіне хабарлауға құқылы.