«Болашақ» университетінің колледжі 2001 жылы «Болашақ» университеті жанындағы «Экономика және сервис» (АБ сериясы № 0049455  мемлекеттік лицензиясы) колледжі болып құрылды. 2006 жылдың 26 қыркүйегінен бастап колледж атауы «Болашақ» университетінің колледжі деп өзгертілді.

 Тұрақты лицензиясы – KZ88LAA00015786

Қазіргі уақытта 1081 студент колледж қабырғасында білім алуда.

           Колледж арнаулы және орта кәсіптік білім беру орындарының нормативтік талаптарына сәйкес оқу үдерісін жүргізуді қамтамасыз етуде жеткілікті материалдық-техникалық базаға ие.

          «Болашақ» университетінің  жоғары колледжінің 2019-2020 оқу жылында жаңа кампусқа орналасты. 11 гектар жерді құрайтын жаңа кампус­та жеке оқу корпустары, студент­тер үйі, оқытушылардың тұрғын үйі, балабақша, ойын-сауық орталығы, 1100 орындық конгресс орталық, стадион, дендросаябақ, шеберханалар салыну жоспарлануда.          Алдағы уақытта еуропалық стандарт үлгісінде салынған сол жағалаудағы алып кешен жас­тардың білім қалашығына ай­налмақ.

Ұлттық бизнес-рейтингінің қорытындысы мен білім беру саласындағы ранжирлеу нәтижесі бойынша колледж 2015 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында   «Сала көшбасшысы – 2015»  ұлттық сертификатын иеленсе, 2016 жылы «Өсу қарқыны» критерийлері бойынша «Сала көшбасшысы» халықаралық сертификатының 1-орын (Күміс) рейтингісін, «Сала көшбасшысы – 2018», «Сала көшбасшысы – 2019»  ұлттық сертификатын иеленді.  

Один Ответ

  1. Hi, this is a comment.
    To get started with moderating, editing, and deleting comments, please visit the Comments screen in the dashboard.
    Commenter avatars come from Gravatar.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *