«Болашақ» университетінің жоғары колледжі

Колледж миссиясы

Колледж туралы

«Болашақ» университетінің колледжі 2001 жылы «Болашақ» университеті жанындағы «Экономика және сервис» (АБ сериясы № 0049455  мемлекеттік лицензиясы) колледжі болып құрылды. 2006 жылдың 26 қыркүйегінен бастап колледж атауы «Болашақ» университетінің колледжі деп өзгертілді. 2018-2019 оқу жылында оқу орны жоғары колледж статусына ие болды. Тұрақты лицензиясы – KZ88LAA00015786

0
Оқытушылар саны
0
Студенттер саны

  Колледж арнаулы және орта кәсіптік білім беру орындарының нормативтік талаптарына сәйкес оқу үдерісін жүргізуді қамтамасыз етуде жеткілікті материалдық-техникалық базаға ие. «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің 2019-2020 оқу жылында жаңа кампусқа орналасты. 11 гектар жерді құрайтын жаңа кампуста жеке оқу корпустары, студенттер үйі, оқытушылардың тұрғын үйі, балабақша, ойын-сауық орталығы, 1100 орындық конгресс орталық, стадион, дендросаябақ, шеберханалар салыну жоспарлануда. Алдағы уақытта еуропалық стандарт үлгісінде салынған сол жағалаудағы алып кешен жастардың білім қалашығына айналмақ. Ұлттық бизнес-рейтингінің қорытындысы мен білім беру саласындағы ранжирлеу нәтижесі бойынша колледж 2015 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында «Сала көшбасшысы – 2015» ұлттық сертификатын иеленсе, 2016 жылы «Өсу қарқыны» критерийлері бойынша «Сала көшбасшысы» халықаралық сертификатының 1-орын (Күміс) рейтингісін, «Сала көшбасшысы – 2018», «Сала көшбасшысы – 2019» ұлттық сертификатын иеленді. Жыл сайын колледж қабырғасынан жүздеген түлектер оқуын бітіріп, өз мамандықтары бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағына өз үлестерін қосуда.

«Болашақ» университетінің жоғары колледжі»» миссиясы – заманауи Қазақстанның өндірістік, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру үшін құзыретті, бәсекеге қабілеті, мобильді, нәтижелі жұмыс жасай алатын маман даярлау.